ДС - СБ 09:00 - 17:00 8(7262) 54 28 38 — 43 74 85college@jpk.kz
152
оқу тобы
3141
білім алушы
ТОП 10
колледждер қатарында

Колледжде «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды

    Жамбыл поитехникалық жоғары колледжінің – Домалақ Ана 268, Төле би 66 даңғылында орналасқан оқу корпустарына 07.07.2021 ж. бастап «Ashyq» мобильді қосымша арқылы кіру жүйесі енгізілді. Колледж аумағына кіру «Ashyq» мобильді қосымшасы қолдану және барлық санитарлық талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.
«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялануға және келушінің мәртебесін: «ол осы сәтте вирус тасымалдаушы ма, жоқ па…» анықтауға мүмкіндік береді. Ashyq сервисі тегін мобильді қосымшалар түрінде iOS және Android-те, сондай-ақ веб-нұсқа арқылы қолжетімді.
Бүгінгі күні COVID-19-дың кез келген түрімен (симптомдық не симптомдық емес) ауырған әрбір адам үй жағдайында карантин режимін сақтауға міндеттеме алады және оны қолхатта өзі қол қою арқылы растайды. Алайда, өзін-өзі оқшаулау режимін бұзу фактілері көптеп кездеседі. Ауырған немесе жақын байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға барады, осылайша вирустың таралу қаупін тудырады.
Қосымша осындай келушілерді анықтауға мүмкіндік береді және басқа қонақтар мен персоналға вирус жұқтыруға жол бермейді.

Маңыздылығы туралы біліңіз

Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз

Медиагалерея