ДС - СБ 09:00 - 17:00 8(7262) 54 28 38 — 43 74 85info@jpk.kz
130+
оқу тобы
3000+
білім алушы
ТОП 10
колледждер қатарында
Басты бет / Баспасөз орталығы / 8 наурыз меркеңізбен!!!

8 наурыз меркеңізбен!!!

Құрметті әріптестер, ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8-наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады.

Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты — жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертңіне нәр, тіршілікке әр беретін айырықша күшке ие.

Шынымен де бүгінде қай саланы алсақ та ер азаматтармен иық тірестіріп жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде бүгінгі таңда 326 әйел қауымы колледждің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Оның ішінде 1 Алтын алқа , 5 Күміс алқа аналарымыз бар.

Ендеше осы бір кең ниетті көктеммен бірге келген әсем мерекеде Сіздерге тек ізгілік тілеймін!

Өздеріңізге айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер еш уақытта толастамасын.Әрдайым ақ пейіл де қамқор, адал да үлгілі қалыптарыңыздан талмай жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға мол бақыт, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Колледж директоры: Абдраимов Дусенбек Исахметович

 55 

Тілді өзгерту »